Уильям Оливер Стоун (; 15 қыркүйек 1946, Нью-Йорк, АҚШ) — америкалық кинорежиссёр, сценарийші және кинопродюсер.
«Оскар» марапатының үш дүркiн лауреаты. Біріншісін Түн ортасындағы экспресс (1978) фильмінің сценариі үшін алды. Екіншісін Взвод (1986) фильмінің режиссурасы үшін алды. Бұл оның Вьетнам соғысына арналған трилогиясындағы алғашқы туындысы болды, кейін Төртінші шілдеде туылған (1989) мен Жұмақ және Жер (1993) фильмдері шығады. Екінші фильмі үшін де Оскарды жеңіп алады.
Сондай-ақ Стоунның АҚШ президенттеріне арналған трилогиясы да бар: JFK (1991), Никсон (1995) және W. (2008).
Сілтемелер
Санат:Үздік режиссёр үшін Оскар сыйлығының иегерлері Санат:Үздік бейімделген сценарий үшін Оскар сыйлығының иегерлері Санат:Алтын глобус сыйлығының иегерлері Санат:BAFTA марапаты иегерлері Санат:Тәуелсіз рух сыйлығының иегерлері