Жасталап — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Шортанбай ауылдық округінің құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы Құрманғазы ауылынан батысқа қарай 45 км жерде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 431 адам (217 ер адам және 214 әйел адам) болса, 2009 жылы 351 адамды (165 ер адам және 186 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 325 адамды (159 ер адам және 166 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы 1930 жылдары Жасталап ауылында артель құрылған. Соңынан «Жасталап» балықшы колхозы болды. Егін шаруашылығымен айналысқан. Байда селолық советіне қарады. «Жасталап» колхозына 1957-1958 жылдары Ботақан ауылдық советі мен Алға колхозын қосып ірілендірді. Бұл жерге балық аулау үшін бірнеше ондаған жас отбасылар келіп, қоныс тебеді. Сөйтіп, ауыл үлкендері жастарға игі баталарын беріп, ауылға «Жасталап» атауын қойған.Киелі мекен, қасиетті өлке -Құрманғазы. Ағатай баспасы, Атырау-1920 ж. ISBN 978-601-7861-86-5

Әлеуметтік және мәдени нысандары Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп — 1936 жылы бастауыш, 1958 жылы 8 жылдық мектеп болды. 2019 жылы мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.Құрманғазы ауданы. Шежіре. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2008. - 312 бет + 16 бет түрлі-түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-535-7

Елді мекендегі көшелер Ахмет Жұбанов көшесі Мағжан Жұмабаев көшесі

Дереккөздер

Санат:Құрманғазы ауданы елді мекендері