Көптоғай — Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы ауыл, Көптоғай ауылдық округінің орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Құрманғазы ауылынан батысқа қарай 54 км жерде.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 853 адам (403 ер адам және 450 әйел адам) болса, 2009 жылы 836 адамды (415 ер адам және 421 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 775 адамды (394 ер адам және 381 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Әлеуметтік және мәдени нысандары С. Мұқанов атындағы орта мектеп — 1945 жылы Хрущев атындағы бастауыш мектеп, 1962 жылдан Калинин атындағы сегізжылдық, 1993 жылдан бастап С. Мұқанов атындағы орта мектеп болып өзгерді.https://mukanov.kurmangazy-bb.kz/kz/mektep-turaly/tarikhy.html Мектеп тарихы «Ақтоты» бөбекжай-балабақшасы Көптоғай ауылдық клубы

Галерея

Елді мекендегі көшелер Әбу Сәрсенбаев көшесі Жұмажан Мәмбеталиев көшесі Қалыбай Баянов көшесі Сапура Елеусінова көшесі Хабер Елжанов көшесі Шайхы Әбішев көшесі

Дереккөздер

Санат:Құрманғазы ауданы елді мекендері