Арнольда раффлезиясы () — Раффлезия тұқымдасының () Раффлезия тегінің () биологиялық түрі. Дүние жүзіндегі ең алып гүл болып саналады.

Таралуы Ол Индонезияның Суматра және Калимантан аралдарында өседі. Оны алғаш зерттеп тапқан Еуропа натуралисті Джозеф Арнольдтың () есімімен аталған.

Ботаникалық сипаттамасы Бұл паразитті тіршілік ететін өсімдік. Тропиктік қалың орманда басқа ағаштың тамыры мен сабағына жабысып өседі. Паразитті тіршілік ететіндіктен сабағы мен жапырағы болмайды, тек тамыры мен үлкен гүлі ғана болады. Гүлінде күлте тәрізді өте шырынды 5 тостағаншасы бар. Аталығы көп, аналығының мойны болмайды. Алып дейтін себебі гүлдің диаметрі 45 см-ден 1 м-ге дейін жетеді. Арнольда гүлінің салмағы 10 кг-ға жетеді. Тозаңдануы айқас, жәндіктер арқылы жүзеге асады. Етті гүлсерігі қызғылт - қоңыр, әр жерінде ретсіз орналасқан ақшыл дақтары болады. Нашар иіс сол дақтардан таралады.

Дереккөздер

Санат:Азия флорасы Санат:Адам атымен аталған өсімдіктер Санат:Раффлезия тұқымдасы