Төкеш Әбдісадықов - қазақ совет физигі, физика-математика ғылымдар кандидаты, доцент. 1948 жылдан КОКП мүшесі. Қазақ мемлекет университетінің физика-математика факультетін бітірген. 1939-1944 ж. рабфакта, Түрген пед. учищесінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директоры, 1944-1948 ж. еңбекшілер депутаттарының Алматы облысы Советінде жауапты қызметтерде болды, 1948 жылдан ҚазПИ-дің оқытушысы, 1962 жылдан физика кафедрасының, ал 1964 жылдан теориялық физика кафедрасының меңгерушісі. Қатты денелер физикасымен шұғылданады, 20-дан астам ғылыми еңбегі жарияланған. Жоғарғы және орта мектеп оқушыларына арналған 6 оқулық аудармасының және 2 ғылыми көпшілік кітапшасының авторы.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 9 том
Дереккөздер
Санат:КСРО тұлғалары