Федор Петрович Литке шын аты Фридрих Беньямин Граф фон Лютке (нем. Friedrich Benjamin Graf von Lütke; 28 қыркүйек 1797 жыл – 20 тамыз 1882 жыл) — ресейлік теңіз саяхатшысы, географ, Арктиканы зерттеуші, адмирал (1885). Петербург ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1829), құрметті мүшесі (1855) және 1864 жылдан президенті.
Еңбек жолы В.М.Головиннің 1817-1819 жылдардағы Жер шарын айналып шығу саяхатына қатысты. 1821-1824 жылдары Жаңа Жер аралы жағалауын, Баренц, Ақ теңіз бөліктерін зерттеді. 1826-1829 жылдары «Сенявин» желкенді кемесімен Беринг теңізі жағалауын зерттеді, толық сипаттама жазды, бірнеше аралды ашты. Ол - Орыс географиялық қоғамын ұйымдастырушылардың бірі; 1873 жылға дейін оның вице-төрағасы. Литке туралы 1873 жылы Орыс географиялық қоғамы Литке атындағы Үлкен алтын медаль тағайындады. Жаңа Жер аралы жағалауындағы мүйіске, шығанаққа, Қара теңіздегі ағысқа т.б. Литке есімі берілді.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 7 том
Дереккөздер
Санат:Географтар Санат:Саяхатшылар Санат:Ғалымдар Санат:Тарихи тұлғалар Санат:1797 жылы туғандар Санат:1882 жылы қайтыс болғандар