Лира (аспап) - ішекті көне музыкалық аспап.
Ежелгі гректерде Лираның 4 ішекті саусақпен іліп тартатын түрі кең тарады. Еуропа елдерінде бір ішекті ысқымен тартатын түрі де кездеседі. XV-XVIII ғасырларда лира-тенор, лира-бас, лира-контрабас пайда болды. Украина мен Беларусьда лираның оркестрге лайықталған түрлері сақталған. Лира бейнесі музыка эмблемасы ретінде қолданылады.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 7 том
Дереккөздер
Санат:Музыкалық аспаптар