Ақбай — Түркістан облысы Сайрам ауданы, Қарасу ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы – Ақсукент ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 6 км-дей жерде, Ақсу өзенінің сол жағалауында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен16761870 4203 224,8 968 2103 217,3 902 2100 232,8

Тарихы Іргесін 20 ғасырдың басында Манкент ауылынан көшіп келіп қоныстанғандар қалаған. 30-жылдары ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға сәйкес Чапаев атындағы артель болып құрылып, 1958 жылы көкөніс-сүт өндіретін 8 шаруашылық «Победа» ұжымшарына біріктірілді. Оның негізінде 1999 жылы «Әл-Фараби» ЖШС, бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.

Инфрақұрылымы Ауылда орта мектеп, кітапхана, клуб, отбасылық дәрігерлік амбулатория, ауыл шаруашылық шеберханалары жұмыс істейді.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Сайрам ауданы елді мекендері