Кирилл Прокофьевич Орловский (; 30 қаңтар 1895, қазіргі Могилёв облысы – 13 қаңтар 1968, Могилёв облысы) — кеңестік колхоз өндірісін және кеңестік беларусьтегі партизан қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі, Кеңес Одағының Батыры, Социалистік Еңбек Ері.
Қызмет жолы 1908–1915 жылдары ауыл шаруашылығының түрлі саласында қызмет істеді, 1917 жылдан Қызыл Армия қатарында болды. 1918–1925 жылдары Батыс Беларусь және Польшадағы қызыл партизандар отрядына басшылық етті. 1930 жылы Комвузды бітірді, Испания республикасы үшін соғысқа қатысты. 1939–1942 жылдары Чкалов ауыл шаруашылық институтында директордың көмекшісі болды, 1942–1943 жылдары "Сокол" партизиан отрядының командирі болды. 1943–1944 жылдары Беларусь Сыртқы істер комиссариятында қызметте жасады, 1945 жылдан Могилев облысы, Киров ауданындағы "Рассвет" колхозының төрағасы болды. Бұл колхоз КСРО егіншілігі мен мал шаруашылығы қатар дамыған көп салалы, ең ірі өндіріске айналған шаруашылықтардың бірі болды.
Кирилл 3–7 сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. КОКП 20, 23 съездерінде Беларусь КП-нің 19–22, 24–26 съездерінде Беларусь КП ОК мүшесі болып сайланды. 5 мәрте Ленин орденімен, басқа 1 орденмен және медальдармен марапатталды.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976 ж. 9 том
Дереккөздер
Санат:30 қаңтарда туғандар Санат:Могилёв облысында туғандар Санат:13 қаңтарда қайтыс болғандар Санат:Могилёв облысында қайтыс болғандар Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:Ленин орденінің иегерлері