Бернард Хопкинс (; 15 қаңтар 1965, Филадельфия, Пенсильвания, АҚШ) — американдық кәсіпқой боксшы. Жартылай ауыр, екінші орта салмақта өнер көрсетеді. Орта салмақтағы (IBF тұжырымы 1994— 2005; WBC тұжырымы, 2001— 2005;WBA тұжырымы, 2001— 2005; WBO тұжырымы, 2004— 2005) және жартылай ауыр (IBO тұжырымы, 2006; WBC тұжырымы, 2011— 2012; IBF тұжырымы, 2013—2014.; WBA super тұжырым, 2014.) салмағының әлем чемпионы. Төрт негізгі тұжырым бойынша әлем чемпионы атанған тұңғыш боксшы. 46, 47 және 49 жасында белбеулерді біріктіріп, бокс тарихындағы үш рет жасы келген әлем чемпионы атанды. 49 жасында Бейбіт Шүменовты жеңіп, екі чемпиондық атақты біріктірді.
Өмірбаяны Бернард Хопкинс бала кезінен қылмыстық өмірге араласты. 13 жасқа толар толмастан ол үш рет пышақтан жараланып, адамдарға қылмыстық ниетпен шабуылдаған еді. 17 жасында ол онға жуық қылмыс жасап, 18 жылға бас бостандығынан айырылды. 1988 жылы ол түрмеде бес жыл отырып, бостандыққа шықты. Ол ислам дінін қабылдапSteve Bunce (2001-11-11) The forgotten prince Guardian. Retrieved on 2009-07-29., қылмыс әлеміне жоламауға ант берді. Жоламаудың бір әдісі ретінде боксты таңдадыDuran, Coyote. "Still Waiting for Bernard Hopkins to Grow Old?" 15 шілде 2005.. .
Кәсіби мансабы 1988 жылы қазанда жартылай ауыр салмақта алғашқы айқасын өткізді. Бірінші айқасында Клинтон Митчеллден жеңіліп қалды. Осыдан кейін ол бір жарым жылға боксты тастады.
Екінші орта салмақ 1990 жылы ақпанда Хопкинс 2-ші орта салмаққа түсіп, рингке оралды. 1992 жылы қаңтарда Бернард Хопкинс пен орта салмақтағы әлем чемпионы атағына бұрынғы үміткер Деннис Милтонмен шаршы алаңда кездесті. Бірінші раундтың ортасында Хопкинс қарсыласының басына оңжақ хук өткізді. Милтон соққыдан біраз есеңгіреген күйі тізерледі. Ол 8 есебінде аяғынан тұрды. Айқас клинчтерге толы, әрі көрерменнің айқай-шуымен өтті. 4-ші мен 5-ші раундардың арасында Милтонның бұрышы айқасты тоқтатты. Сөйтіп, Хопкинс техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Дереккөздер
Санат:АҚШ боксшылары