Харитон Прокофьевич Лаптев (1700 жыл - 1763 жыл 21 желтоқсан) - теңіз офицері, Арктиканы зерттеуші орыс саяхатшысы. Қызметі Теңіз флотындағы қызметі 1718 жылдан басталды. 1739-1742 жылдары Екінші Камчатка экспедициясындағы солтүстік жасақтың бірін басқарды. Бұл экспедицияға С.И.Челюскин, Н.Чекин және Г.Медведев қатысты. Бұлар Таймыр түбегінің Хатанга, Пясина өзендерінің сағалары арасындағы бөлігіне сипаттама жазды. Жағалауға жақын бірнеше аралды ашып, олар жайлы түсініктеме берді. Экспедиция аяқталғаннан кейін Лаптев өз қызметін Балтық флотында жалғастырды. Лаптев туралы Таймырдың теңіз жағалауына, Челюскин түбегіндегі мүйіске Лаптев есімі берілді. Солтүстік Мұзды мұхиттың Лаптевтер теңізі ағайынды Лаптевтердің құрметіне осылай аталды. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том

Дереккөздер

Санат:Саяхатшылар

Санат:Тарихи тұлғалар Санат:1700 жылы туғандар Санат:1763 жылы қайтыс болғандар