Қаршығарең жапалақ () — ірі денелі (300-400 г, қанатының алымы - 85 см шамасында) жапалақтар тұқымдасының құсы.
Биологиялық сипаттамасы Бауыры - үйлесімді ашық реңкті, көлденең жолақты. Көзі - ашық сары түсті болғандықтан қаршығаға ұқсайды.
Түнде өмір сүреді, алайда күндіз де кездесіп қалуы мүмкін. Күйттеу кезеңінде аталықтары «улюлюлеп» қатты сайрадйды. Негізгі қорегі - тышқантәріздес кемірушілер, кейде құстарды да жейді. Сирек кездесетіндіктен және өмір сүру дағдысы айқын болмағандықтан, бұл ғажап жапалақтың ұялау әдеті туралы мағлұмат мардымсыз. Оның ағаш басына ұя салатыны белгілі, көбінесе қарғалардың немесе жыртқыш құстардың даяр ұяларын мекен етіп алады.
Таралуы Еуразияның және Солтүстік Американың қалқанды ормандарында өмір сүреді, Қазақстанда оңтүстік-шығыстың таулы ормандарында ұялайды, Солтүстік Қазақстанның тоғайларында да ұялайды деген жормал бар Құстар. Мектеп энциклопедиясы. Ковшарь А.Ф., Ковшарь В.А. ISBN 978-601-282-168-0.
Дереккөздер
Санат: Жапалақтәрізділер Санат:Еуразия құстары Санат:Солтүстік Америка құстары