Оливия Калпо (ағылшын. Olivia Culpo, 8 мамыр 1992 жыл, Кранстон (Род-Айленд), АҚШ) — американдық модель, сұлулық жарыстардың қатысушысы. 2012 жылдың «Жер жүзінің ханшайымы» атағының жеңімпазы және АҚШ-тың ханшайымы атағына ие болған.
Өмірбаяны 1992 жылы 8 мамыр күні Кранстон қаласында, Сьюзан және Петер Калпоның отбасында дүниеге келген. Әкесінде италияндық шығу тегі бар, ал анасында итальяндық және ирландық шығу тектері бар. Ата-анасы – кәсіпқой музыканттар. Калпо отбасында төрт бала бар. 2010 жылы Род-Айленд қаласындағы «St. Mary Academy — Bay View» деген қыздарға арналған католик мектебін бітірген.
Екінші сыныптан бастап, виолончельда ойнауды үйрене бастады. 2010 жылдан бастап, сұлулық жарыстарға дайындала бастады. Бостондық университетте оқыған. Американдық тілден басқа, итальян тілін біледі. Өйткені, ата-анасы жартылай итальяндар. 2013 жылдың маусым айынан бастап, әлемге танымал әнші, актер және «Jonas Brothers» тобының бұрынғы мүшесі Ник Джонаспен бірге жүре бастады.
Сайыстардағы қатысулары Күні, айы, жылыАтағы18 қыркүйек, 2011Мисс Род-Айленд АҚШ 20123 маусым, 2012Мисс АҚШ 201219 желтоқсан, 2012Мисс Жер жүзі 2012
Санат:1992 жылы туғандар Санат:Модельдер