Қысыр - төлдемей қалған мал. Себептері Малдың қысыр болуына мал азығының құнарсыз және жеткіліксіз болуы, күтімнің нашарлығы, мал орнының таза болмауы, мерзімінде ұрықтанбауы, іш тастау, кейбір жұқпалы аурулар (бруцеллез, трихомоноз, қарақаптал, киеңкі) себеп болады.

Алдын-алу шаралары Мал қысыр қалмау үшін күтімді жақсарту, малды уақытылы шағылыстыру және қолдан ұрықтандыру, мал қораларын зоогигиеналық талаптарға сай ұстау, жайылымда және қолда бағатын, жұмысқа пайдаланатын уақытты белгілеп, қысыр қалған малды есепке алу керек. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том

Дереккөздер

Санат:Мал шаруашылығы