Мұстақым Біләлұлы Ықсанов (30 наурыз 1926, Байдуков ауылы, Орал губерниясы, Қазақ АКСР — 18 қараша 1991) — кеңестік қазақ мемлекет және партия қайраткері.

Қызмет жолы Алматы темір жолы техникумын (1945 жылы), Қазақ ауыл шаруашылық институның су – техникалық факультетін бітірген. 1952 – 58 жылы Алматы қаласы Фрунзе ауданы комсомол комитетінің 1 – секретары және Жетісай құрылысы басқармасының прорабы, өндірістік – техникалық бөлімінің бастығы. 1958 – 61 жылы Қазақтың Бетпақдала ирригация құрылысы тресінің бастығы. Иксанов су – техникалық және ирригациялық құрылыстар саласының маманы рнетінде Қазақстанның күріш және мақта өсіретін аудандарының дамуына зор үлес қосты.

1961 – 62 жылы Түркістан облысы Ильичев ауданы партия комитетінің 1 – секретары. 1962 – 63 жылы Оңтүстік Қазақстан өлкелік су шаруашылығы басқармасының бастығы. 1963 – 66 жылы Қазақстан КП Қызылорда облысы комитетінің 1 – секретары. 1966 – 70 жылы Қазақстан ССР Министрлер Советі председателінің орынбасары. 1970 – 71 жылы Қазақстан КП Жамбыл облысы комитетінің 1 – секретары. 1971 жылдан Қазақстан КП ОК – нің секретары. 1966 жылдан Қазақстан КП ОК – нің мүшесі, 1971 жылдан Қазақстан КП ОК бюро мүшесі. КПСС 23, 24 – съездерінің делегаты. 1971 жылдан КПСС Орталық Тексеру комиссиясының мүшесі.

7 – 8 сайланған Қазақстан ССР Жоғары Советінің депутаты. Қазақстан ССР – нің еңбек сіңірген құрылысшысы (1961 жылы).Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976 ж. 9 том

Дереккөздер

Санат:КСРО тұлғалары Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 7-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 8-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 9-шақырылымының депутаттары Санат:КПСС XXIV съезінің делегаттары Санат:КПСС XXV съезінің делегаттары Санат:КПСС XXVI съезінің делегаттары Санат:КПСС XXIII съезінің делегаттары Санат:КПСС XXVII съезінің делегаттары Санат:Батыс Қазақстан облысында туғандар Санат:Қазақстан КП Қызылорда облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Орал облыстық комитетінің бірінші хатшылары