Стефани Морган Майер — Ымырт романдар сериясы арқылы танымал болған американдық жазушы. Оның қаламынан туған шығармалар жастардың жүрегін бірден жаулап алды. Қазіргі уақытта жазушының болашақта жүзеге асырмақ жобалары көп.
Өмірбаяны Ол 1973 жылы 24 желтоқсанда Коннектикут штаты, Хартфордта дүниеге келген. Өзінің балалық шағын Аризона штаты, Финиксте өткізеді. Жасөспірім кезінен таныс Кристианға 1994 жылы тұрмысқа шығады. Ал 1995 жылы ағылшыннан бакалавр дәрежесін алып, Бригама Янга атындағы университетті тәмамдайды. Жастайынан оқуды ұнататын Стефани, түсінде қансорғыш жігіт пен бойжеткен қызды көргеннен кейін "Ымырт" романын жазуды қолға алады. Алғашында, оның агенттіктермен жолы болмайды. Бірақ, бірнеше сәтсіз кездесуден кейін оның бағы ашылып, "Литтл, Браун и Кок" атты баспамен келісімшартқа отырады. Романның тұңғыш сериясы оқырман арасында жоғары сұранысқа ие болғандықтан, Майер оқиғаны жалғастырады және әр жыл сайын жариялап отырады. 2008 жылы мамырда үлкен аудиторияға арнап "Қонақ" атты романын жарыққа шығарады. Бұл романның жалғасын жазу жазушының болашақтағы жоспарына кіреді. Шығармалары Шыққан жылы Қазақша атауы Түпнұсқа атауы 2005 Ымырт || Twilight |- | 2006 || Жаңа ай (роман)|Жаңа ай New Moon 2007 Тұтылу Eclipse 2008 Таң Breaking Dawn 2008 Қонақ The Host 2009 Жердегі тозақ Prom Nights from Hell 2010 Таңға дейін. Бри Таннердің екінші қысқа ғұмыры The Short Second Life of Bree Tanner (жоспарланған) Жан The Soul (жоспарланған) Іздеуші The Seeker
Дереккөздер
↑ http://www.booksreader.org/author/maier-stefani#.VS05a_Dh-eA