Дмитрий Павлович Саликов(25.10.1886, Орынбор губерниясы, Переволоцкий ауданы, Япрынцево селосы- 26.03.1972)-үш орыс революциясына, Орынбор және Қазақстанда Кеңес үкіметін орнатуға белсене қатысушы. Өмірі Кедей шаруа семьясында туған. 1906 жылдан Компартия мүшесі. 1906-1917 ж. Орынбор-Ташкентте әр түрлі жұмыстар істеді. Революциялық қызметі үшін бірнеше рет тұтқындалды. Орынбор Кеңесінің депутаты (1917) және қалада Қызыл гвардия жасақтарын ұйымдастырушылардың бірі. 1919 ж. (сәуір-қазан) Түркістан республикасы қатынас жолдар халкомының орынбасары, одан кейін республикалық революциялық әскери Кеңесінің председателі, Түркістан ОАК (1919-1920) мен Халкомсовы Президиумының мүшесі. 1919 жылдың қазанынан 1920 жылдың қаңтарында Жетісу облысының революциялық әскери кеңеснің председателі. 1920-1921 ж. Түркістан республикасы милициясының бастығы, кейінірек транспорт жұмысшылары кәсіподақтары ОК-нің жаупапты секретары. 1922-1923 ж. Комиссар, одан кейін Орынбор-Ташкент темір жолының бастығы, Қырғыз ОАК-нің мүшесі. 1924-1939 ж. Транспорт және қорғаныс өнеркәсібінде әр түрлі жауапты қызметтер атқарды. 1939 жылдан одақтық дербес пенсияда болды. Сыйлықтары Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен т.б. орден, медальдармен марапатталған.Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,9 том, 624 бет

Дереккөздер

Санат:25 қазанда туғандар Санат:1886 жылы туғандар Санат:Переволоцкий ауданында туғандар Санат:Орынбор губерниясында туғандар Санат:26 наурызда қайтыс болғандар Санат:1972 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазан революциясының қатысушылары Санат:Қазақстан революционерлері Санат:КОКП мүшелері Санат:Түркістан АКСР мемлекеттік қайраткерлері Санат:Жетісу облыстық революциялық әскери кеңесінің төрағалары Санат:Түркістан АКСР революциялық әскери кеңесінің төрағалары Санат:Қазақ ОАК мүшелері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері