Василий Иванович Ряховский (06.01.1909 ж.т., Орынбор облысы, Николаевка селосы)-Қазақстандық мал дәрігері, мал дәрігерлік ғылым докторы (1955).

1942 жылдан КПСС мүшесі. Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік иснтитутын үздік бітіріп (1932), осы институттың микробиологиялық кафедрасына ассистент, 1939 жылдан малдәрігерлік санитарлық сарап кафедрасының меңгерушісі, мал дәрігерлік факультетінің орынбасары (1955-1958),1959 жылдан ауыл шаруашылық өнімдері технологиясының кафедра меңгерушісі. Еңбектері Ол құрғақ антиген және вакцина дайындау, бруцеллез ауруына шалдыққан сиыр терісін хлораминмен дезинфекциялау, безнайтиозбен ауырған мал етінің экспертизі т.б. жөнінде 50-ден астам ғылыми еңбек жариялады. Ол Қазақстанда трихинеллез ауруының таралу себептерін анықтап, емдеу жолын ұсынды, жүн мен теріні жұқпалы індеттердің қоздырғышынан залалсыздандыру үшін гамма сәулесін қолданып, оның пайдалы екенін білген.Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,9 том

Дереккөздер

Санат:1909 жылы туғандар Санат:6 қаңтарда туғандар Санат:Орынбор облысында туғандар Санат:Қазақстан ветеринарлары Санат:Ветеринария ғылымдарының докторлары Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері