Иосиф Ефимович Хейфиц - совет кинорежиссері, кинодраматург, КСРО халық артисі, СОциал Еңбек Ері. 1945 жылдан КПСС мүшесі. 1927 ж. Ленинградтың экран өнері техникумын бітірген. Кинодағы қызметін 1928 ж. "Ленфильм" киностудиясында бастады. А.Г.Зархимен шығармашылығы бірілікте болып, екеуі көпетеген фильмдерді қойды: "Қарсы соққан жел", "Талтүс", "Қарбалас күн", "Балтық депутаты" т.б.. Бұдан басқа ол "Үлкен отбасы", "Румянцевтің ісі", " Ит жетелеген әйел", "Сәлем" т.б. көркем фильмдерді қойып, совет кино өнерінің өркендеуіне елеулі үлес қосты. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1978 ж. 11 том
Дереккөздер
Санат:КСРО тұлғалары