Қызыл тамыр (Ephedra intermedia) - қылша туысына жататын көп жылдық бұта. Биологиялық сипаттамасы Биіктігі 1 м, сабағы тік, бұтақты. Бұтақтары қарама-қарсы орналасқан, кейде шоқтанған. Жапырағы 2, түп жағы біріккен, ұзындығы 2 мм. Жемісі етженді, қызыл, ұзындығы 6 мм. Тұқымы ұсақ, сарғыш қоңыр, ұзындығы 5-6 мм. Таралуы Қызыл тамыр ұсақ тасты тау бөктерінде өседі. Орта Азия, Тибетте, Қазақстанның Бетпақдала, Түркістан маңы, Балқаш-Алакөл алқабында, Теріскей, Күнгей, Жоңғар Алатауында кездеседі, Қолданылуы Қызыл тамырдан дәрі жасалынады. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том

Дереккөздер

Санат:Бұталар Санат:Ботаника