Құтлық қаған жазуы - Моңғолияның Орхон өзені бойындағы көне заманғы жазба ескерткіш. Түркологиялық әдебиеттерде табылған орнына қарай Онгин ескерткіші деп те аталады.

Құтлық қаған жазуы

Жазу екінші түрік қағандығын орнатып, 692 жылы қайтыс болған Елтеріс қағанға арналған. 12 негізгі және 4 қосымша жолдан тұрады. 1891 жылы Н.Я.Ядринцев Құтлық қаған жазуын тапқан, В.В.Радлов оның тұңғыш аудармасын жасап, баспаға шығарды. Бұдан кейін де аударғандар: Х.Н.Оркун, С.Е.Малов, Г.Глаузон. Жазуда Құтлық қағанның, Білге қаған және Күлтегіннің әр түрлі жорықтары баяндалады. Тұңғыш түркі қағандығын орнатқан Бумын қаған жөнінде кейбір деректер кездеседі: «». Мұнда орхон ескерткіштерінде кездеспейтін кейбір таңбалар ұшырасатындықтан, В.В.Радлов Құтлық қаған жазуын Орхон-Енесай жазбалары аралығындағы жазуға жатқызады. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том

Дереккөздер

Санат:Орхон-Енисей дазба ескерткіштері Санат:Моңғолиядағы археология Санат:Құтлық қаған