Андрей Борисович Северный(28.04.1913 жылы туған,Тула) - кеңес астрофизигі, КСРО ғылым академиясының академигі (1968;1958 жылдан корреспондент мүшесі), Социалды Ееңбек Ері (1973). Өмірі 1941 жылдан КПСС мүшесі. Мәскеу университетін бітірген (1935). 1938-46 жылдары П.К.Штернберг атындағы мемлекеттік астрономия институтында жұмыс істеді. КСРО ғылым академиясының Қырым астрофизика обсерваториясында 1946 жылдан ғылыми қызметкер, 1952 жылдан оның директоры. Северныйдың негізгі ғылыми еңбектері теориялық астрофизика мен Күн физикасына арналған. Ғылыми еңбектері мен зерттеулері Ол күннің оталуы мен локальды магнит өрістерінің құрылымы арасында байланыс болатындығын ашты. Оталудың күрделі құрылысын және Күн құрамында кейбір сирек элементтердің болатындығын зерттеді. Күннің жалпы магнит өрісі ретсіз орналасқан локальды магнит өрістерінің қосындысына тең екендігін дәлелдеді. Қарапайым жұлдыздардың әлсіз магнит өрісі болатындығын байқады. Халықаралық астрономиялық одақтың вице - президенті (1964 - 70 ). Сыйлықтары КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1952). Ленин орденімен, 2 рет Қазан Революциясы орденімен т.б. 3 орден және медальдармен мараппатлған. Қолданылған әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 95 бет

Санат:1913 жылы туғандар Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Социалистік еңбек ерлері