Уильям Каштан ; 1909, Монреаль — 1993) - Канада және халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткері.

Өмірбаяны Жұмысшы отбасында туған. 1927 жылдан бастап Канададағы Коммунистік қозғалысқа белсене араласты. 1930-1938 жылдары Канада жастары коммунистік лигасының ұлттық хатшысы болды. Бұдан кейін, Канада Коммунистік партиясының (ККП) Квебек және Онтарио аймақтарындағы ұйымдарында әр түрлі партиялық жұмыстар атқарды. 1946-1964 жылдары ККП ұлттық комитетінің кәсіподақтар және ұйымдастыру мәселелері жөніндегі хатшысы болды. 1964 жылы Л. Моррис қайтыс болғаннан кейін, 1965 жылғы қаңтардан - 1988 жылға дейін ККП-ның бас хатшысы. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974 ж., 5 том

Дереккөздер

Санат:1909 жылы туғандар Санат:1993 жылы қайтыс болғандар Санат:Канада коммунистері Санат:Канада қоғам қайраткерлері