Тарлан қияқ () – астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

Биологиялық сипаттамасы Биіктігі 25-80 см, сабағы жіңішке, жапырақтары көгілдір не сұр жасыл, қатты, жалпақ, екі беті де бұдырлы. Масағы жасылдау, піскенде қоңыр тартады, ұзындығы 5-11 см, ені 7-12 мм, 2-3-тен топтанған. Мамыр-шілдеде гүлдейді. Таралуы Моңғолия, Иран, Батыс Сібір мен Шығыс Сібірде, Орта Азияда, Қазақстанның құрғақ далаларында, сортаң жерлерде өседі.

Кәсіптік маңызы Мал азықтық сапасы орташа болғанымен, өнімі мол жемшөп. Қолдан егіп өсіруге болады. Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 567 бет

Дереккөздер

Санат:Астық тұқымдасы