Сормойылды – Ертіс алабындағы көлдер тобы.

Географиялық орны Абай облысы Бесқарағай ауданы жерінде, теңіз деңгейінен 160 м биіктікте, Қоянбай ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 18 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Ауданы 12,72 км2, ұзындығы 7,0 км, енді жері 2,5 км. Жағалау сызығы 44,2 км. Сортаңды жағасы жайпақ. Көбіне қар суымен толығады. Көктемдегі қар, жауын-шашын суымен көлдер бірігіп, аумағы 2 – 2,5 есеге ұлғаяды. Суы тұзды. Су тапшы жылдары тартылып қалады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Бесқарағай ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы