Виктор Иванович Хохряков (26.07.1913 жылы туған, Уфа-1986) - орыс кеңес актері, режиссер, КСРО халық артисі (1973). 1939 жылдан КПСС мүшесі. Өмірі 1933 жылы Ленинградтың театр техникумын бітірді. Н.В.Петровтың шәкірті. 1933-40 жылдары Харьковтың орыс драма театрында, 1940-53 жылдары Мәскеудің транспорт театрында қызмет етті. 1953 жылдан Кіші театрдың құрамында актер. Негізгі рөлдері Глоба (Симоновтың "Орыс адамдарында"), Вершинин (В.Ивановтың "Бронепоезд 14-69-ында"), Овчаренко (Корнейчуктың "Қанатында"), Живота (Нушичтің "Философия докторында"), Митрич (Л.Толстойдың "Қараңғылық патшалығында") т.б. спектакльдер қойды. 1947 жылдан киноға түскен. Проценко ("Жас гвардия", 1948), Милягин ("Ұлы күште", 1950), Вася ағай ("Барабаншының тағдырында", 1956), Бальзак ("Оноре де Бальзактың қателігінде", 1969) т.б.
Гастрольдік сапармен 1969 жылы Алматыда өнер көрсетті.
Сыйлықтары КСРО Мемлекет сыйлығының лауреаты (1949, 1951). Қазан Революциясы орденімен және басқа 2 орден, медальдармен марапатталған.Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 51 бет
Дереккөздер
Санат:26 шілдеде туғандар Санат:1913 жылы туғандар Санат:Уфада туғандар Санат:1986 жылы қайтыс болғандар Санат:КСРО актерлері Санат:Ресей актерлері Санат:КСРО халық әртістері Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Қазан төңкерісі орденінің иегерлері