Қосымбет – Арқат тауларының солтүстік-шығысындағы, Жартас тауының ең биік шоқысы.

Географиялық орны Абай облысы Жарма ауданы Қызылжетек қыстауынан оңтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 697 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 10 км-ге созылған, енді жері 3 км. Беткейлері көлбеу, тізбектелген шоқылардан тұрады. Солтүстігінде Қаратау, оңтүстігінде Сабал, шығысында Маятас таулары, батысында Еспе қонысы бар.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр, боз топырақ жамылғысында бұта аралас селеу, көде, бетеге, жусан өседі. Етегі мал жайылымына қолайлы.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Шоқылар Санат:Жарма ауданы таулары