Қарашоқытау – Алшынсай құмының оңтүстік-шығысындағы төбе.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Оймауыт ауылының солтүстік-шығысында 23 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 201 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 5 км-ге созылған, енді жері 3 км. Жонды-қырқалы төбе батысқа қарай тақырға ұласады. Солтүстігінде Ыстықтау, шығысында Жаман Қантөрткіл, оңтүстігінде Ақтоғай төбелері бар.

Өсімдігі Сортаңды сұр топырақ жамылғысында жусан, жантақ, өлеңшөп, т.б. өсімдіктер өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Байғанин ауданы таулары Санат:Төбелер