Мұздыбұлақ – Оңтүстік Алтай жотасының солтүстік бөлігіндегі тау.

Географиялық құрылымы Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Аршаты ауылының шығысында 46 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 3050 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 12–14 км-ге созылған, енді жері 7–8 км. Беткейлері шатқалды, биік жартасты, өзен арналары тік жарқабақты тар келген. Таудың биік белдеулерінде ұсақ көлдер жатыр. Оңтүстік беткейінен Бұқтырма өзеніне құятын шағын өзендер бар. Етегінде қорымтастардың мол үйінділері шоғырланған.

Өсімдігі Таудың қара және күлгін топырақ жамылғысында далалық ландшафт өсімдіктерімен бірге қарағай, балқарағай, самырсын аралас қылқанды орман өскен. Етегі шөбі шүйгін мал жайлауы.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Катонқарағай ауданы таулары