Симон Иванович Чиковани (; 9 қаңтар 1903, Наескао селосы, Кутаиси губерниясы, Ресей империясы - 24 сәуір 1966, Тбилиси; КСРО) - грузин кеңес ақыны, І-ші дәрежелі Сталиндік сыйлығының иегері (1941). 1941 жылдан КПСС мүшесі. Дворян отбасысында туған. Кутаиси реалдық училищесін бітірді (1922). Тбилиси университетінің философия факультетінде оқыды. 1925-27 жылдары "Солшыл" топта болды. Грузия Жазушылар одағын (1944-51) басқарды, "Мнатоби" журналының редакторы (1954-60) болды. Шығармалары 1924 жылдан жарияланды. Шығармалары "Кура жағасындағы толғаныстар" (1925), "Жеңіс"(1942),"Давид Гурамишвили туралы жыр"(1942-46,КСРО Мемлекеттік сыйлығы,1947) жинақтарында,"Севан үстіндегі нұр","Одердің арғы жағындағы гүлдер"(1952-53),"Гянджин дәптері","Аджардағы күз" циклдерінде Чиковани халықтар достығын , интернационалдық ынтымақты жырлады. Чиковани грузин классиктері және қазіргі заманғы ақын - жазушылар туралы сын, зерттеу еңбектерін жазды. Орыс, украин ақын - жазушыларыының көптеген шығармаларын грузин тіліне аударды. Ол 3- сайлау КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты. Сыйлықтары Ленин орденімен және басқа орден, медальдармен марапатталғанҚазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 136 бет.

Дереккөздер

Санат: 1903 жылы туғандар Санат: 1966 жылы қайтыс болғандар Санат:9 қаңтарда туғандар Санат:24 сәуірде қайтыс болғандар Санат:Грузия ақындары Санат:КСРО ақындары Санат:Сталиндік сыйлықтың иегерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:КОКП мүшелері Санат:Грузия аудармашылары Санат:КСРО аудармашылары