Дәметкен Идрисова — артист, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері. Ол 1960 жылдың 21-ші қыркүйегінде дүниеге келген. Ұлты қазақ болып келеді. Алған білімі арнаулы орта - студияға мамандалған. Дәметкен Идрисова театрдың балет тобының негізін қалаушысы. Ол 22 жыл балет артисті қызметін атқарды. Қазіргі кезде ол Семей қаласындағы Абай атындағы музыкалы-драма театрында артист ретінде жұмысын жалғастырып жатыр.

Кейінгі мерзімде сомдаған рольдері: Ө. Боранбаев «Сотанайдың соңғы үйленуі» - Камилла С. Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Мехри Мұхтар Әуезов «Қаракөз» - Өсекші әйел «Кішкентай Мукар» ертегісінде – Агвация «Аладдиннің сиқырлы шамы» ертегісінде – Шешесі О. Бодықов “Ит өлім” – Ракшана Шыңғыс Айтматов “Боранды бекет” – Жуан-жуан А. Сапышев “Күн астындағы Күнікей қыз” – Уәзір, т.б Жаңа жылдық, Наурыз интермедиясының авторы

Санат:1960 жылы туғандар Санат:Қазақстан театр актрисалары Санат:Қазақстан мәдениет қайраткерлері Санат:Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы Қазақ музыкалық-драма театры әртістері