Грегори Хайнс (); (1946 ж. 14 ақпан, АҚШ, Нью-Йорк — 2003 ж. 9 тамыз, АҚШ, Лос-Анджелес) — америкалық актер, хореограф жəне биші.

Өмірбаяны 1946 жылдың 15 ақпанында Нью-Йоркта дүниеге келген. Афроамерикандық. Өз ағасы Мориспен бірге бес жасынан чечётка биін үйренеді, ал үш жылдан кейін Бродвейде өнер көрсетеді. Дəл осы өнерін кейінірек гангстерлік-музыкалық «„Коттон“ клубы» фильмінде қолданып, биден қойылымдар қояды.

Хореограф жəне Кеңестік ГУЛагқа түсіп қалған американдық чечётка билеуші ретінде «Аппақ түндер» (1985) фильмінде балет шебері Михаил Барышниковпен бірге жұмыс істейді.

Алайда, комедиялық фильмдерді дұрыс көріп, «Дүниежүзі тарихы, бірінші бөлім» () (1981); «Ғасыр алаяқтығы» () (1983); «Артымызға қарамай жүгіреміз» () (1986); «Гарлемдегі ашу» () (1991); «Қайта өркендеу заманының адамы» () (1994); «Өлімді күтуде» () (1995) секілді фильмдерге түседі.

Сонымен қатар, мистикалық («Қасқырлар», 1981), қиялғажайып («Қиратудың қарсаңында», 1990), музыкалық фильмдерде («Степ», 1989; «Боджанглс», 2001) түсуді тоқтатпайды.

2003 жылы АҚШ-та, Лос-Анджелес қаласында бауыр рагынан қайтыс болады.

Фильмографиясы «„Коттон“ клубы» «Дүниежүзі тарихы, бірінші бөлім» «Ғасыр алаяқтығы» «Аппақ түндер» «Қиратудың қарсаңында» «Қайта өркендеу заманының адамы» «Гарлемдегі ашу» «Степ» «Құтырған төбеттер уақыты» «Боджанглс» «Уилл мен Грейс» «Әйелдер құпиясы»

Дереккөздер

Санат:Лос Анжелесте қайтыс болғандар Санат:14 ақпанда туғандар Санат:9 тамызда қайтыс болғандар Санат:АҚШ бишілері Санат:АҚШ хореографтары Санат:Тони сыйлығының иегерлері