Поляк және Литва корольдығының социал-демократиясы - 1893 жылы шілдеде Поляк жұмысшылар одағы мен «Пролетариат» партиясының мүшелері жұмысшыларының бірігуінің нәтижесінде құрылды. «Пролетариат» партиясының интернационалдық дәстүрлерін жалғастырды. Партия өзінің 1-съезінде социализм үшін, пролетариат өкіметін орнату үшін күрес жүргізу қажеттігін мәлімдеп, патша өкіметін құлатып, саяси және экономикалық бостандық алу жолындағы күрес міндеттерін белгіленген программа-минимум ұсынды. Қазақ совет энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Тарих Санат:Ұйымдар