Ыққансу – Сырдария алабындағы өзен.
Географиялық орны Түркістан облысы Кентау қалалық әкімдігі аумағы жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 65 км, су жиналатын алабы 550 км2.
Бастауы Қаратаудың оңтүстік беткейінен басталып, Аяқкөлге жетпей тартылып қалады. Көктемде суы көбейіп, Арыс-Түркістан каналына құяды.
Гидрологиясы Аңғары жоғары бөлігінде таулық сипатта, арнасы тік жарлы. Жер асты, жауын-шашын суымен толығады. Жылдың орташа су ағыны сағасы тұсында 1,60 м3/с. Суы егінге, мал суғаруға пайдаланылады.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Кентау қалалық әкімдігі өзендері Санат:Сырдария су алабы