Бисара Мәкенова (20 қаңтар, 1954 жыл, Шығыс Қазақстан облысы Ақсуат ауданы, Көкжартас ауылы) - әнші.
Өмірбаяны Әкесі - Ғабдуллин Мәкен, марқұм. Анасы - Ғабдуллина Рахима, марқұм. Республикалық эстрадалық-цирк өнері студиясын (1979) «Домбырамен ән айту», эстрада өнерінің әртісі мамандығы бойынша бітірген. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының музыка және ән айту факультетін бітірген (1992). 1972 жылдың қаңтар айынан - Семей облысының «Ақсуат» кеңшарында құрылыс бөлімінің жүмысшысы. 1972 жылдың қараша айынан 1973 жылға дейін - Семей облысының «Көкпекті» кеңшарындағы балабақшаның тәрбиешісі. 1974 жылдың ақпан-мамыр айларында - Семей облысы «Көкпекті» кеңшарының жұмысшысы. 1974-1977 жылдары - Семей облысы Көкпекті аудандық мәдениет бөлімінің №1 автоклуб меңгерушісі. 1979 жылдан бері - Ақмола облыстық филармониясының солист-вокалисі.
Марапаттары мен жетістіктері ҚазКСР (1989) және ҚР (2004) Мәдениет министрлігінің құрмет грамоталары. ҚР Президентінің (2001) алғысхаты. Семей қаласындағы Әйелдер кеңесінің (2003) алғысхаты. Семей қалалық Мәдениет басқармасының (2003) алғысхаты. Семей қаласындағы Абай атындағы мұражайдың (2004) алғысхаты. ҚазКСР Мәдениет министрлігінің II дәрежелі дипломы ҚазКСР Мәдениет министрлігінің Құрмет дипломы (1983) Қазақтың халық әндерін орындаушылардың Ә. Қашаубаев атындағы I Республикалық конкурсының II сыйлығының лауреаты (1980). ҚазКСР Еңбек сіңіргөн әртісі (1990).
Отбасы Ұлы - Мәкенов Арман (1993 ж. т.).Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:20 қаңтарда туғандар Санат:1954 жылы туғандар Санат:Тарбағатай ауданында туғандар Санат:Республикалық эстрадалық-цирк өнері студиясы түлектері Санат:Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты түлектері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Санат:Қазақстан әншілері