Мұратбаев — Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл, Мұратбаев ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен батысқа қарай 8 км жерде, Сырдария атырауында.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1329 адам (670 ер адам және 659 әйел адам) болса, 2009 жылы 1640 адамды (847 ер адам және 793 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы
Тарихы Іргесі 20 ғасырдың 30-жылдары ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланған. 1928-1996 жылдары күріш өсіретін өзімен аттас ұжымшардың орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан ауылда Ғ. Мұратбаев атындағы ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді.
Дереккөздер
Санат:Қазалы ауданы елді мекендері