thumb|300x300px|Париж мэриясы Отель-де-Вильде орналасқан Париж мэриясы   () — Отель-де-Виль атты қалалық сарай (Hôtel de Ville). Бұл — Қазақстандағы қала әкімдері отыратын әкімшілік секілді Париж мэрлері отыратын ғимараты. Мұнда 1357 жылдан бері қалалық билік орналасқан. Отель-де-Виль ортағасырлық Грев алаңының (place de Grève) алдынан 110 метрдей жерде.

1975 жылдан бастап, Париж қала әрі департамент болып өзгерді. Оны Париж кеңесінің (Conseil de Paris) париждік мэрі басқарады. Париждік кеңес жылына 11 рет кеңес құрады. Бұл — ашық кеңес, яғни, қарапайым халық пен БАҚ бақылай алады. Екі күнге дейін созылады. Алғашқы мэр тек 1977 жылы ғана сайланды. Себебі, билік қалаға толық администраторлық құқық беруге асыққан жоқ. Бірақ осы күнге дейін Париждік муниципиалдық полиция қала мэрына емес, Республика президенті сайлаған полиция префектіне бағынатын Франциядағы жалғыз қала. 

Ғимарат Ғимарат Теодора Баллю (Théodore Ballu) және Эдуара Деперта (Édouard Deperthes) атты сәулетшілердің жоспары бойынша 1874 және 1882 жылдары аралығында салынған. Ғимаратты 1871 жылғы революция (Париждік коммуна) кезіндегі өрттің әсерінен қайта салды.

Басқару Париждік кеңестің (conseil de Paris) 163 мүшесі бар. Олар париждіктердің арасынан тікелей емес сайлау бойынша сайланады. Олар муниципиалдық кеңеске (conseil municipal) және Генералдық кеңеске (conseil général) қатысып, қала жағдайы мен департаменттің администраторлық сұрақтарына жауап береді.

Жаңадан сайланған париждік кеңес өз кезегінде қала мэрін және оның 40 орынбасарын (adjoints) жаңадан сайлау мүмкіндігіне ие. Бұл қырық орынбасар негізгі және басты мәселелерге жауап береді: қаланың экономикалық дамуына, транспортқа, халықаралық қатынастарға, гендерлік теңдікке, мектептерге және қоршаған ортаның тазалығына. Сонымен қатар, қала мэрі Жалпы кеңестің президенті болып табылады. Жалпы кеңес департамент үшін жауап береді.

Муниципалитет немесе басқарма 1964 жылдан бастап «Виль де Пари» (Ville de Paris) деген ресми атауға ие. Басқарманың 2005 жылғы есеп бойынша, шамамен 3 мың муниципалитеттік қызметтерде 40 мың жұмысшысы болды. Мұндағы муниципиалдық жұмысшылардың санының көптігі соншалық, францияның Шартр или Байонна секілді кішкене қалаларындағы халықтың санымен тең. Отель-де-Виль ғимаратында басқармалық орындардан бөлек музеилер, кітапханалар, спорттық комплекстер, мектептер, балабақшалар бар. 

Париж мэрлері Қазіргі мэр Бертран Деланоэ Франция социалистік партиясының мүшесі. Ол 2001 жылдың 18 наурызында қайтара сайланған.

Париж бюджеті 2003 жылы қала бюджеті 6,9 млрд еуроны құрады. Оның 1,2 миллиарды — департамент үшін. Бұны Париж қаласының тұрғындарына шаққанда 3 200 еуродан келеді.

Әрбір 100 еуро төмендегідей қажеттіліктерге жұмсалады. 29 — әлеуметтік қажеттіліктерге; 18 — мектепке, мәдениетке, спортқа; 15 — администраторлық шығынға; 15 — суға, тазалыққа, бақшаларға, паркке, саябақтарға; 11 — жолға, тұрғын үйге; 6 — қоғамдық көліктерге; 6 — қауіпсіздікке.

Бауырлас қалалар link=|22x22px Рим, Италия (1956) — Париж үшін жалғыз бауырлас қала. Бұған мына сөздер кепіл бола алады: «Тек Париж ғана Римге лайық; тек Рим ғана Парижге лайық» (фр. Seule Paris est digne de Rome; seule Rome est digne de Paris). Сонымен қатар, француз астанасы төмендегі басқа да қалалармен достық және әріптестік бағытта келісімшартқа отырғанГорода-побратимы : 1958: link=|22x22px Киото 1982: link=|22x22px Токио 1985: link=|22x22px Каир 1987: link=|22x22px Амман, link=|22x22px Сана, link=|22x22px Берлин 1991: link=|22x22pxСеул 1992: link=|22x22px Мәскеу, link=|22x22px Бейрут 1995: link=|22x22px Джакарта 1996: link=|22x22px Чикаго, link=|22x22px Сан-Франциско 1997: link=|22x22px Сантьяго, link=|22x22px Эр-Рияд, link=|22x22px Пекин, link=|22x22px Прага, link=|22x22px Тбилиси, link=|22x22px Санкт-Петербург 1998: link=|22x22px Лиссабон, link=|22x22px София, link=|22x22px Сидней, link=|22x22px Ереван, 1999: link=|22x22px Мехико, link=|22x22px Варшава, link=|22x22px Буэнос Айрес 2000: link=|22x22px Вашингтон, link=|22x22px Мадрид, border|22x22px|Греция Афины, border|22x22px|Түркия Стамбул 2001: link=|22x22px Лондон, link=|22x22px Порту-Алегри 2002: link=|18x18px Женева 2003: link=|22x22px Алжир, link=|22x22px Квебек 2004 : link=|22x22px Сан-Паулу, link=|22x22px Рабат, link=|22x22px Касабланка, link=|22x22px] Тунис 2005: link=|22x22px Копенгаген 2006: link=|22x22px Монреаль 2007: link=|22x22px Танжер

Тағы қараңыз Париж Франция Эйфель мұнарасы

Дереккөздер

Санат:Париж