Джаред Тристан Падалеки (; 19 шілде 1982 жыл, Сан-Антонио, Техас) — америкалық актёр, «Табиғаттан тыс», «Gilmore Girls» телесериалдарындағы рөлдерді сомдағаннан кейін танымал болды.

Өмірбаяны Падалеки 1982 жылғы 19 шілдеде Сан-Антониода (Техас, АҚШ) Джеральд Падалеки отбасында дүниеге келеді. Әкесі — бухгалтер, анасы Шерон Кэммер — мұғалім.www.poland.us Оның ағасы Джеффри — хирург және қарындасы — Мэган. 12 жасынан бастап Джаред әртістік шеберлікке үйрене бастады. Ол Сан-Антониодағы Джеймс Мэдисон мектебінде білім алды. 1999 жылы «Claim To Fame» конкурсын ұтып алып, Teen Choice Award премияларына иеленуге мүмкіндіктер пайда болды. 2000 жылы мектеп бітіргеннен кеін Джаред әртістік мансабын жалғастыру үшін Лос-Анджелеске (Калифорния) көшіп кетеді.TV.com, Trivia

Мансабы «Жұлдызды соғыстар» фильмінде Энакин Скайуокер рөлінің тыңдалымына қатысты. Падалекидің әртістік жұмысы 1999 жылғы «A Little Inside» фильмінде қосымша рөлді ойнағаннан басталды. 2000 және 2005 жылдар аралығында «Gilmore Girls» танымал телесериалында Дин Форестер рөлін сомдаған болатын. Ал 2000–2003 аралығында «Үнсіз куәгер» (2000), «Үйге жақын» (2001), «Шексіз түсті сақина» (2002), «Жас Макгайвер» (2003) секілді фильмдерге түседі. 2003 жылы Джаред «Cheaper by the Dozen» комедиясында кішкене рөл ойнаса да, атауларда көрсетілмейді. 2004 жылы Мэри-Кейт және Эшли Олсеннің «New York Minute» Трей Липтонның рөлін сомдады, сонымен қатар «Flight of the Phoenix» триллеріне түсті. 2005 жылы екі бірдей - «Cry Wolf» пен «Балауыз мүсіндер үйі» қорқынышты фильмдерінде рөл сомдайды. Бұл түсірілімдерге Элиша Катберт, Чад Майкл Мюррей, Пэрис Хилтон қатысқан болатын. Сол жылы Джаред Warner Brothers компаниясының «Supernatural» телесериалындағы Сэм Винчестер рөліне кастингтен өткен болатын. Бұл түсірілім сәтті өтіп, оның жанкүйерлер саны өсті.

2007 жылы Майкл Кампустың «Thomas Kinkade's Home for Christmas» фильмінде Джаредпен қатар Питер О’Тул түскен болатын. Падалеки табысты американдық суретшілердің бірі Томас Кинкейдтің рөлін сомдады. Фильм Кинкейдтің өмірі мен «Thomas Kinkade's Home for Christmas» деп аталатын суреті жайында баяндайды. Және де болашақта Томас Кинкейд туралы екі фильм түсіру жоспарлануда. Бірақ бұл фильде оның басқа суреттері мен өмірінің өзге қырлары сипатталады.Jared Padelecki fan site

2009 жылы Джаред Майкл Бэйдің «Friday The 13th» фильмінде бірнеше айлар бұрын жоғалып кеткен қарындасын\апасын іздеген Клэй Миллер - басты рөлін сомдады.

Айта кетерлік жағдай, Джаред Падалекиді Эштон Кутчердің арқасында пайда болған MTV «401-бөлме» телеарнасындағы жаңа реалити-шоудың жүргізушісі болуға шақырды. Шоудың негізгі идеясы ештеңеден күдіктенбеген қатысушылар соңында әзіл болып шығатын жаман жағдайларға тап болады. Бірнеше ақпарат көздерінен, оның ішінде Алтын Буффало ТВ-дан хабарлағандай, жұлдыз Супернатураның бір сериясына қатысқаны үшін 125 000 доллар табады.Табиғаттан тыс жұлдыздардың бюджеті қанша есептелген. Джаред Падалецки қанша ақша табады?

Жеке өмірі 2010 жылғы 27 ақпанда Падалеки Женевьев Кортезе киноәртісіне үйленеді.Godwin, Jennifer, Jared Padalecki and Genevieve Cortese Are Engaged, EOnline.com, 6 Jan 2010. Accessed 14 Feb 2009.Kubicek, John, Notes from the Supernatural 100th episode party, BuddyTV.com, 2 February 2010. Quote: «Jared Padalecki talking sweetly about his recent engagement to former co-star Genevieve Cortese» Accessed 14 February 2010. 2011 жылғы қазанда олар тұңғыш сәбиді күтіп жүргенін жариялайды.ТвиттерLainey’s Entertainment Update — Celebrity Gossip 2012 жылғы 19 наурызда ұлы — Томас Колтон Падалеки дүниеге келеді.Твиттер 2013 жылғы 22 желтоқсанда екінші ұлы - Остин Шепард "Шеп" Падалеки дүниеге есігін ашады. Қазіргі кезде ерлі-зайыптылар жақын достық қатынасты сақтаған Дженсен Эклс отбасына жақын орналасқан Техас штатындағы Остинде тұрып жатыр.

Фильмографиясы Падалекидің толық емес фильмографиясы: Жыл Шын атауы Рөлі 1999 A Little Inside Мэтт Нельсон 2000 Silent Witness Сэм 2000—2005 Gilmore Girls Дин Форестер 2001 ER Пол Харрис(сезон 7, эпизод 10) 2001 Close to Home ... 2002 A Ring of Endless Light Закери Грей 2003 Young MacGyver Клэй МакГайвер 2003 America’s Next Top Model Камео 2003 Cheaper by the Dozen хулиган 2004 New York Minute Трей Липтон 2004 Flight of the Phoenix Дэвис 2005 House of Wax Уэйд 2005 Cry Wolf Том 2005-2015 Supernatural Сэм Винчестер 2007 House of Fears J.P.2008 Thomas Kinkade's Home for Christmas Томас Кинкейд 2009 Friday the 13th Клэй Миллер2011Supernatural: The Anime SeriesСэм Винчестер2015-18The Hillywood Showбиші/камео

Марапаттары 2003 жылы Джаред Падалеки «Gilmore Girls» телесериалдарындағы рөлі үшін «Драмалық әртіс» категориясының Teen Choice Award премиясына; 2005 жылы фильміндегі рөлі үшін Teen Choice Award премиясынаIMDb.com Jared’s Awards; 2007 жылы «Supernatural» телесериалындағы Сэм Винчестердің рөлі үшін тағы да «Драмалық әртіс» категориясының Teen Choice Award премиясына иеленді.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер