Салин артемиясы — төменгі сатыдағы шаяндардың желбезекаяқтылар отрядына жататын ұсақ шаян.

Биологиялық сипаттамасы Оның денесінің ұзындығы 0,8-1 см. Бұл шаян негізінен тұзды көлдерде өте көп таралған. Салин артемиясы Қазақстанның Каспий теңізінің шығысындағы Кайдак сорында (Маңғыстау облысы) және Павлодар облысының 54 ұсақ тұзды көлдерінде көптеп кездеседі. Оның жұмыртқасында нәруыз (белок) өте мол. Бұл шаян басқа жануарлар үшін ең қажетті биологиялық азық. Қазіргі кезде бұл шаян бекіре балықтарының шабақтарына қорек ретінде арнайы балық өсіретін зауыттарда қолдан көптеп өсіріледі. Қазақстанда оның жұмыртқаларын жинауға тыйым салынған. Мамандардың деректері бойынша Маңғыстау және Павлодар облыстарындағы тұзды су айдындарында бұл шаянның қоры өте мол. Салин артемия шаянының жұмыртқаларынан өте бағалы косметикалық бұйымдар жасалады. Оны әсіресе Қытай, Малайзия, Сингапур мемлекеттері көптеп сатып алады. Қытайда салин артемия шаянын арнайы қолдан өсіруге ерекше көңіл бөлінеді. Қызықты биология, Жануарлар әлемі, Омыртқасыздар, Р.Сәтімбеков, Р.Әлімқұлова, Таймас баспа үйі, Алматы 2010

Дереккөздер

Санат:Желбезекаяқты шаянтәрізділер