Жолдасбеков Оразбек (1892 – 1967, Қорғалжын ауданы Бірлік ауылы) – еңбек ардагері, жылқышы. Социалистік еңбек ері (1948). «Бірлік» ұжымшарына алғаш болып кіргендердің бірі. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында майданға өзі өсірген жылқыларын жіберген тәжірибелі табыншы. «Қарашалғын» кеңшарында жылқышы болып жұмыс жасаған (1961 – 64). 1964 жылдан зейнеткерлік демалыста.Қазақ Энциклопедиясы Арғын тайпасының Қуандық бөлімінің Темеш руынан.Темеш руының шежіресі, Астана "Сарыарқа" 2009, 638 бет. Авторлар ұжымы Таукейтегі Қ.А., Ахметжанов Қ.А. және т.б. ISBN 9965-536-95-3
Пайдаланылған cілтемелер
Санат:Тұлғалар Санат:Социалистік еңбек ерлері