Майсор — Ертіс алабындағы тұзды көл, Ертіс-Қарағанды каналының сол жағалаулық аңғарында, теңіз деңгейінен 216 м биіктікте жатыр.
Географиялық орны Павлодар облысы Екібастұз қаласының оңтүстік-батысында 10 км жерде.
Гидрографикасы Аумағы 3,1 км2, ұзындығы 2,2 км, енді жері 1,6 км, жағалау бойының ұзындығы 6,9 км. Жағалауы жазық, қамыс шоғырлары кездеседі. Қар, жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Шарасында жыл бойы су болады. Қараша айының 2-жартысында суы қатып, сәуірдің 2-жартысында ериді. Майсорды бірнеше шағын тұзды көлдер қоршап жатыр.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Екібастұз көлдері Санат:Ертіс су алабы