Майсор — Шідерті алабындағы тұзды көл.

Географиялық орны Павлодар облысы Баянауыл ауданы Бозшакөл темір жол стансасынан солтүстік-шығысқа қарай 8 км жерде, теңіз деңгейінен 194 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 4,8 км2, ұзындығы 2,7 км, енді жері 2,1 км, жағалау бойының ұзындығы 8,6 км. Қазаншұңқырда жатқан дөңгелек пішіндес көл жағалауының басым бөлігінде қамыс өскен. Жаз айларында кей жылдары құрғап қалады немесе шалшықты батпаққа айналады. Қар, жауын-шашын суларымен толысады. Алабы шабындық және мал жайылымы. Онда бірнеше жайлау орналасқан.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Баянауыл ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы