Қошқар — Аягөз және Қарақол өзендерінің аралығындағы тұзды тұйық көл.
Географиялық орны Абай облысы Үржар ауданы Шыңырау ауылының солтүстік-батысында 17 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 369 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 2,2 км2, ұзындығы 2 км, енді жері 1,4 км, жағалау бойының ұзындығы 6 км, су жиналатын алабы 93 км2. Жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Қараша айында суы қатып, наурыздың аяғында ериді.
Жағалау сипаты Жағалауы жазық келген. Солтүстігінде Қызылқайнар, Қалдар, батысында Ешіге, шығысында Ойсексеуіл көлдері, оңтүстігінде Қалмаққазған құдығы жатыр.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Үржар ауданы көлдері Санат:Алакөл су алабы