Әли Әбдікәрімұлы Бектаев (20 сәуір 1962 жыл Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылы) — саясаткер, 2014 жылдан бастап Парламент Сенатының депутаты, 2015–2023 жылдары «Ауыл» партиясының төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты, Қазығұрт ауданының (07.2000-09.2002) және Түркістан қаласының (02.2006-05.2008) әкімі.

Өмірбаяны Суан руынан шыққан. 1984 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген 1992 жылы ҚМЭБИ-н мемлекеттік басқару мамандығы бойынша бітірген. 08.1984-07.1985 жылдары Шымкент облысы Ленгір ауданы Сейфуллин атындағы кеңшардың бас инженері. 07.1985 - 08.1987 жылдары Қазақстан ЛКЖО Сайрам аудандық комитетінің комсомол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 08.1987-11.1989 жылдары Қазақстан Компартиясы Шымкент облысы Сайрам аудандық комитетінің нұсқаушысы. 11.1989 - 08.1990 жылдары Шымкент облысы Сайрам ауданының Фрунзе атындағы кеңшары партия комитетінің хатшысы. 08.1990-11.1990 жылдары Ташкент жоғары партия мектебінің тыңдаушысы. 11.1990-07.1992 жылдары Алматы жоғары партия мектебінің, Қазақ экономика, менеджмент және болжамдау институтының тыңдаушысы. 07.1991-10.1991 жылдары Қазақстан Компартиясы Шымкент облыстық комитетінің консультанты. 10.1991-03.1992 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы “Қазығұрт ЛТД” ӨКФ бас директорының орынбасары. 03.1992 - 03.1994 Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары. 03.1994-03.1998 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі жастар ісі, туризм және спорт жөніндегі басқармасының бастығы. 03.1998-02.1999 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі туризм және спорт басқармасының бастығы. 02.1999-05.1999 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі спорт және дене шынықтыру департаментінің бастығы. 05.1999-10.1999 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі мемлекеттік қызмет департаментінің бастығы. 12.1999-07.2000 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар жөніндегі басқармасының бастығы. 07.2000-09.2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының әкімі. 09.2002-02.2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 02.2006-05.2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының әкімі. 05.2008-08.2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.Әли Әбдікәрімұлы Бектаев 2015 жылдың тамызынан Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясының төрағасыhttp://www.nur.kz/kk/871862-qazaqstanda-osy-aptadaghy-zhanha-kadrly-2.html

Дереккөздер

Санат:20 сәуірде туғандар Санат:1962 жылы туғандар Санат:Қазығұрт ауданында туғандар Санат:Қазақстан саясаткерлері Санат:Қазақстан экономистері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазығұрт ауданының әкімдері Санат:Түркістан әкімдері Санат:Экономика ғылымдарының докторлары Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері Санат:Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты түлектері Санат:Ауыл партиясының төрағалары