Қарағайлы – Алтынемел жотасының шығысындағы асу.
Географиялық орны Жетісу облысы Кербұлақ және Панфилов аудандарының шекарасында.
Жер бедері Теңіз деңгейінен ең биік жері 3000 м шамасында. Қарағайлы асуынан сәуір – қыркүйек айларында салт атты адам өтуге болады. Солтүстік беткейінен Кескентерек, оңтүстігінен Көктерек өзендерінің салалары бастау алады. Көлбеу беткейлі жоталар жоғары қарай құлама беткейлі қырқаларға ұласады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жетісу облысы асулары Санат:Жетісу Алатауы