Марио Ренато Капекки (; 6 қазан 1937 ж.т., Верона) — американ-итальяндық генетик, профессор, 2007 жылғы Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты.

Өмірбаяны Марио Капекки 1937 жылы Веронада, әкесі -итальяндық және шешесі-американдық отбасында дүниеге келген. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде анасы антифашистік топқа тиесілі болғандықтан тұтқындалып Дахау концлагеріне айдалады. Соғыс біткен соң Марио Капекки анасымен АҚШ-қа көшіп келеді.

1961 жылы ол Огайо штатындағы Антиох колледжінде химия және физикадан бакалавр дәрежесін алады. 1967 жылы Гарвардта биофизика докторы тағайындалды. 1969 жылы ол Гарвардтың медицина биохимиясы кафедрасында доценттік алды. 1973 жылдан ол Юта университетінде жұмыс істейді, 1988 жылдан Говард Хьюз медициналық институтында қызмет етеді. Марио Капекки АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшесі.

Дереккөздер

Сілтемелер Нобель комитетінің веб-торабынан ақпарат

Санат:6 қазанда туғандар Санат:АҚШ биохимиктері Санат:Молекулярлық биологтар Санат:Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Нобель сыйлығының иегерлері (АҚШ) Санат:Медицина бойынша Вольф сыйлығының иегерлері Санат:АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшелері Санат:АҚШ Ұлттық ғылым медалімен марапатталғандар