Титан рудалары — титан металын бөліп алу экономикалық жағынан тиімді саналатын табиғи минеталдық түзілімдер. Титаннын жер қыртысындағы орташа мөлшері 0,61%. Басты минералдары − лейкоксиг, титаномагнетит, рутил, ильменит. Соңғы екеуінің маңызы күшті.
Типтері Титан рудалар 4 генетикалық типке ажыратылады. Кендердің магмалық типі негізді жəне сілтілі интрузиялармен байланысты келеді. Бұларға пироксенит массивтерінде сеппе түрінде келген TiO2 мөлшері 2-6%-тей титаномагнетит рудалары (Оралдағы Качканар), анортозит, габбро-анортозит, норит, диабаз массивтерінде орналасқан ильменит, ильменит-магнетит рудаларының рутил, апатит, сульфидтер аралас ірі шоғырлары, нефелинді сиениттерде, сілтілі сиениттерде, ультранегізді сиенитті интрузиялармен байланысты келген апатит, ильменит, сфен, пирохлор т.б. минералдардың қоспасв перовскит-титаномагнетит рудалары жатады. Шөгінді кендер палеозой - мезозой - антропоген жыныстарындағы ашық жəне көмілген қорымдар түрінде болады. Руда құрамында ильменит, лейкоксен, рутил болады. Қазіргі теңіз жағалаулық қорымдар платформаның көне жыныстарын теңіз мүжігінде жиналады. Қорымда ильмннит, рутил, циреон, монацит, кейде касситерит ұшырайды, титан минералдарының мөлшері 60-80%-ке дейін жетеді. Метаморфтанған кендер габброидтық жыныстар есесінен түзілген тақтм тастарда, метаморфизмге шалынған қорымдарда орналасады.
Қазақстандағы титар кендері түп жыныстардың мезозойлық, кайнозойлық үгілу қыртыстарында кездеседі.
Санат:Кендер