Когалымавиа 9268 әуе апаты — 2015 жылдың 31 қазан күні болған ірі әуе апаты. Мысырлық Шарм-эш-Шейх қаласынан ресейлік Санкт-Петербург қаласына қарай чартерлік сапар жасаған «Когалымавиа» әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Ұшып шыққаннан кейін 23 минут өткен соң ұшақпен радиобайланыс ұзілді және ол радарлардан жоғалды. Мысырлық үкіметтің іздеу топтары ұшқыштың сынықтарын Эль-Ариш қаласының маңында тапты.

Мысыр тарихындағы ең ірі әуе апаты. Авиация тарихындағы ең ірі әуе апаттарының арасында 28-ші орынға орналасты. Ресей азаматтарының қайтыс болғандар саны бойынша ең ірі әуе апат.

Бортта болған барлық 217 жолаушы және 7 экипаж мүшелері (2 ұшқыш + 5 жол серік) мерт болды.

Экипаж Ұшақты екі ұшқыштан және бес жолсеріктен тұратын ресейлік экипаж жүргізген: Әуе кемесінің командирі — Немов Валерий Юрьевич. Екінші ұшқыш — Трухачёв Сергей Станиславович Аға жолсерік — Марцевич Валентина Петровна Жолсеріктер: Беломестнов Андрей Витальевич Олару Ирина Дмитриевна Свиридов Станислав Васильевич Филимонов Алексей Андреевич

Жолаушылар Росавиацияның мәліметі бойынша, ұшақ бортында 195 ересек жолаушы және 25 бала болған.

Мысырдағы РФ-ның елшілігінің мәліметә бойнша жолаушылар арасында Санкт-Петербург, КарелияКрушение в Египте: большинство пассажиров — жители Карелии, Самара және Ульяновск қалаларының тұрғындары болған. Сонымен қатар ұшақта төрт Украина азаматы және бір Беларусь азаматы ұшқан. Бортта болған адамдардың азаматтығы</tr>АзаматтығыЖолаушыларЭкипажБарлығы</tr>2127219404101</tr>Барлығы2177224

Саяси реакция Ресей президенті Владимир Путин ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Ресей Федерациясының өкімет басшысы Дмитрий Медведевке Мысырдағы «Когалымавиа» әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырағанына байланысты мемлекеттік комиссияны құру туралы міндет қойылды. Ресейде 1 қараша Қаралы күн болып жарияланды, ал Санкт-Петербургте 1-3 қараша күндері.

РФ президентіне және Ресей халқына келесі мемлекет және өкімет басшылары көңіл айтты: Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Болгария, Боливия, Мажарстан, Венесуэла, Германия, Грузия, Мысыр, Иран, Исландия, Испания, Қазақстан, Қытай Халық Республикасы, Латвия, Молдова, Нидерландылар, Никарагуа, Польша, Сербия, Словения, Тәжікстан, Тунис, Түркия, Түркменстан, Финляндия, Франция, Хорватия президенттері; Швеция патшасы, Рим папасы Франциск, Біріккен Ұлттар Ұйымының басшысы Пан Ги Мун және басқалары.Соболезнования глав государств и правительств зарубежных стран в связи с авиакатастрофой в Египте // Администрация Президента России, 1 қараша 2015.

Дереккөздер

Санат:Әуе апаттары