Арқалық жас көрермен облыстық қазақ театры — Қостанай облысы Арқалаық қаласында орналасқан театр. Театр директоры Мұқатова Отаркүл Оразбаевна.

Театр 2001 жылы 2001 жылдың 19 қантарында №13 Арқалық қаласы Әкімінің шешімімен құрылған. 2001 жылдан 2008 жылға дейін театр және әртістер бірнеше рет номинацияларда марапаттар алған, Астана қаласының "Алақай жазғы демалыс", Петропавл қаласының "Айман-Шолпан» (комедия), Қостанай қаласының "Мұңлық - Зарлық" (драма), Көкшетау қаласының "Күнә" (драма) Республикалық театрлар фестивалдеріне қатысты. Спектакльдерді құру және шығаруға Қазақстан Республикасының кәсіби қоюшы режиссерлерін шақырылған: Ж.Хаджиев, Д.Жанботаев, Ж.Есенбеков, С.Қарабалин, Т.Ракишева, Г.Арынов. Тәжірибемен алмасуға Қарағанды драма театры, И.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры, Қостанай облыстық орыс қуыршақтар театры, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар музыка және драма театры келген.

Штат саны 55 адамды құрайды. Шығармашылық қызметкерлер – 24, әкімшілік персонал – 5, шығармашылық персонал – 5, техникалық персонал – 21. Отыратын орындар – 320. Жалпы алаңы - 6390 шаршы метр.

Дереккөздер

Санат:Қостанай облысы Санат:Арқалық Санат:Қазақстан театрлары