Ақшілік () – талдар тұқымдасына жататын бұта. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының батпақты көл жағалауларында, таудың альпі белдеулерінде өседі. Мамыр және маусым айларында гүлдеп, тамыз, шілде айларында жемістенеді. Биіктігі 1-1,5 м. Діңі сарғыш қоңыр, бұтақтары күрең түсті. Жапырағы сопақтау, кезектесіп орналасқан, ұзындығы 5-8, ені 2-3 см. Гүлшоғыры шашақ, жапырағынан бұрын ашылады. Қалемшесі, шыбығы арқылы өсіп өнеді. Жемісі қауашақ. қабығының 100 ден 12 бөлігін таннид құрайды.Илік, шірнелі өсімдік.Қазақ ССР қысқаша энциклопедиялық-2 том-Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы-Алматы,1987-
Дереккөздер
Санат:Талдар тұқымдасы